ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 400 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 754 қаулысымен
бекітілген
Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар немесе ислам бағалы қағаздары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.
2. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым қаражатын толықтыру - кәсіпкердің бағалы қағаздарын орналастыру нәтижесінде алынған ақша қаражатының кәсіпкердің мәлімделген қызметімен байланысты әрі салықтық міндеттемелерді, зейнетақылық және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуге арналмаған нысаналы мақсаты;
2) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) - Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын шекарасы анық белгіленген, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;
3) АХҚО қор биржасы - АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;
4) АХҚО қор биржасының тіркеушісі - АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қызметі бағалы қағаздар тізілімін қалыптастыру және жүргізу бойынша қызметтер көрсететуге сайып келетін жекеше компания;