Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ ЖАЗБАЛАРЫН ЖОЮ» МЕМЛЕКЕТТІК ...

Информация о документе
Датапонедельник, 8 января 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 8 января 2018

Осы редакция 2018 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2018.08.01. № 1/5 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды

Алматы қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 23 қарашадағы

№ 4/646 Қаулысымен бекітілді

 

 

«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.08.01. берілген толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде ұсынылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

азаматтық хал акті жазбасының күшін мүдделі тараптардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот шешiмi негiзiнде жойған кезде - азаматтық хал акті жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы;

әке болуды анықтау, бала асырап алу (алғашқы қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтірумен), атын, тегін, әкесiнiң атын өзгерту туралы жазбалардың күшін жойған кезде - бастапқы деректермен қайталама туу туралы куәлік, қажет болған жағдайда, туу туралы анықтама;

неке бұзу туралы акт жазбасының күшiн жойған кезде - тиісті некені қию туралы куәлік;

не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами