Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 26/қе бұйрығына
1-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда
және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2022.03.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.03.03. № 10/қе бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.03.03. № 10/қе бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі