«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» («Цифрлық ҚҚС») мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі №628 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 575/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 740 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 612/НҚ бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» («Цифрлық ҚҚС») мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 628 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 575/НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» («Цифрлық ҚҚС») Мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік кірістер органдары:
осы пилоттық жобаны жүргізуге байланысты мәселелер бойынша түсіндірмелер береді;
пилоттық жобаны іске асыруға байланысты мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Цифрлық теңге жүйесіне береді;