«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 387 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18608 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.»;
196-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураларды ресімдеу;»;
202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: