Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 9/2-VII шешімі
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8144 нөмірімен тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қаланың 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 86 793 957,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 40 077 837,3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 984 677,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 368 750,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 31 362 692,9 мың теңге;
2) шығындар - 79 803 430,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 376,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 376,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 325 050,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 341 850,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 16 800,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 661 101,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 6 661 101,4 мың теңге;
қарыздар түсімі - 6 365 394,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 13 275 881,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 249 385,6 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2021 жылға арналған кірістерді бөлу нормативтері атқарылуға алынсын, соның ішінде: