ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.13.11. № 489 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 361 бұйрығына
1-қосымша
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.12.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.12.05. № 216 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынуы негіз болып табылады.
5. Әрбір рәсімнің (іс-қимыл) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту рәсімінің сипаттамасы: