Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 11 ақпандағы
№ ҚР ДСМ -13 бұйрығына
3-қосымша
«Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
(2023.22.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.05.04. № 60 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Түсті металлургия объектілеріне және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі - Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын жобалау, қолданыстағыларын реконструкциялау және пайдалану кезінде міндетті және пайдалы кен қазбаларын өндірумен және байытумен, саз балшықты, фторлы тұзды, элетродты массаны, техникалық көміртегін, алғашқы алюминийді, қайталама алюминийді, мыс, никель, қорғасын, мырыш, кобальт, вольфрам, магний және оның қорытпаларын, титан, молибден өндірумен және өңдеумен айналысатын түсті металлургияның өндірістік және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне (шахталар, кен орындары, карьерлер, ашық таулы кендердің разрездері, байыту фабрикалары және түсті металлургияның өндірістік және тау-кен өнеркәсібі объектілері), алтын шығаратын фабрикаларға (бұдан әрі - АШФ), платина және платиноидтар, қалайы және оның қорытпаларын сирек кездесетін және жер жынысында сирек кездесетін металдар (бұдан әрі - СКМ) өндірістеріне, сондай-ақ қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады.