«Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 130 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20907 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ережеде «жекелеген тауар түрлері» деп үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлар, сондай-ақ «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен экспортқа және (немесе) импортқа айрықша құқық берілген тауарлар түсініледі.»;
3. «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Біржолғы лицензияның қолданылу кезеңі оның қолданысы басталған күннен бастап 1 (бір) жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда келісімшартының (шартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.