Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер» енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/2 шешімі
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 59 621 824,6 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 44 064 624,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 288 288,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 899 541,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 13 369 370,6 мың теңге;
2) шығындар - 66 340 309,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 144 655,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 72 450,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 217 108,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 6 573 826,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 573 826,1 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қалалық бюджет шығындарында қарастырылғаны ескерілсін:
1) 134 114,3 мың теңге сомасында трансферттер, Краснояр ауылдық округіне соның ішінде:
әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 11 902,7 мың теңге сомасында;
жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға 35 211,1 мың теңге сомасында;
елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 10 350,0 мың теңге сомасында;
абаттандыру мен көгалдандыруға 1 577,8 мың теңге сомасында;
автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 75 072,7 мың теңге сомасында;
2) 32 677,3 мың теңге сомасында трансферттер, Станционный кентіне соның ішінде:
әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 7 284,5 мың теңге сомасында;
елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 8 971,2 мың теңге сомасында;