Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/304 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 23 қазандағы № 28/422 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/304 «2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2567 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 5-6 санында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, тиісінше, оның ішінде 2015 жылға, мынадай көлемдерде бекітілсін:
«1) кірістер - 100 159 424 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 59 495 387 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 529 109 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 500 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 38 132 428 мың теңге;
2) шығындар - 100 834 897 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 4 814 948 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 8 485 436 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 670 488 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 967 262 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 967 262 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 457 683 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 457 683 мың теңге.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 77,8 пайыз;
Қарақия ауданына - 75,1 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 83,1 пайыз;
Түпқараған ауданына - 72,5 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 100 пайыз;
Ақтау қаласына - 15,2 пайыз;
Жаңаөзен қаласына - 43,8 пайыз.»;