Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 Өкімі
(2014.17.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2014.17.09. № 911 Жарлығымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:
| Келімбетов Қайрат Нематұлы | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, басшы |
| Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
| Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - | Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі |
| Әбіқаев Нұртай | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
| Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы | - | Қазақстан Республикасының Бас прокуроры |
| Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы | - | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы |
| Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
| Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Редкокашин Владимир Николаевич | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі (келісім бойынша) |
| Қарақұсова Гүлжан Жанпеиісқызы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Киянский Виктор Владимирович | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі (келісім бойынша) |