«2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 34 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34285 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 10 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылатын 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі - Өңірлік комиссия) немесе бюджеттен тыс қорлардың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарауы жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Қор комиссиясы) шешімі жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін негіз болып табылады.
Өңірлік комиссия өз қызметін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Үлгілік ереже негізінде жүзеге асырады.»;