«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 387 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 20695 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Балалар музыка, балалар көркем мектептерін, балалар өнер мектептерін және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау оқуға қабылдау туралы өтінішті ресімдеу тәртібімен жүзеге асырылады.
Балалар музыкалық, балалар көркем мектептеріне, балалар өнер мектептеріне және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Әңгімелесу барысында педагог балалардың өнердің әртүрлі түрлері (музыкалық, бейнелеу, хореографиялық, театрлық) саласындағы қабілеттерінің даму деңгейін анықтайды.»;
Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесінің қосымшасының:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«