Тараз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 9-5 шешімі
Осы редакция 2020 жылғы 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педогогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарың және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі-алушы) беріледі.
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін келесі құжаттарды ұсынады: