Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 575 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6565 тіркелген 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 223 878 270,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 27 877 326,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 893 562 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 155 500 мың теңге;
трансферттер түсімі - 192 951 882,3 мың теңге;
2) шығындар - 232 433 663,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 29 442 901,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 40 750 870,7 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 307 969,2 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 37 998 293,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 37 998 293,9 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 46 034 895 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 052 707,1 мың теңге;