Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/232-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/38-VIII шешімі
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/232-VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176223 нөмірімен тіркелген, 2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 109 325 987 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 19 363 090 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 279 135 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 26 831 003 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 62 852 759 мың теңге;
2) шығындар - 96 531 728 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 287 157 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 287 157 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы - 12 507 102 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - - 12 507 102 мың теңге:
қарыздар түсімі - 11 309 720 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 23 924 621 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 107 799 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2023 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері: