«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 110 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің:
14-тармағының:
19) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«19) асыл тұқымды жануарларды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;»;
41, 89, 90, 91) тармақшалар алып тасталсын;
118) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«118) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;»;