ҚР Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 483 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 393 бұйрығына
2-қосымша
«Көмірсутек шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тiркеу»
бойынша мемлекеттiк қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармағына сәйкес www.egov.kz, www.elicense.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматттандырылған) және (немесе) қағаз нысанында.
3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi - Көмірсутек шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутек шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік қызметті көрсету стандартының нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 11306 тіркелген (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет стандарты) 9-тармағына сәйкес құжаттар қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электронды сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көмірсутек шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу туралы куәлікті берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны және оны орындау ұзақтығы: