Осы редакция 2016 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 3/570 қаулысымен
бекітілген
«Ветеринариялық анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 85 мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - ветеринариялық анықтама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді түрде бас тарту;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталында: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) - мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуді бастау үшін көрсетілетін қызметті берушінің өтініші және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) кіріс хат-хабарларын қабылдау және тіркеу (30 минут);
2) құжаттарда көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу (30 минут);