«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 21 маусымдағы № 98 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23964 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесінде:
9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысының немесе «Б» корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар «А» және «В» функционалдық блоктары бойынша мыналарға сәйкес бөлінеді:
«А» функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей жәрдемдесетін қызметшілер жатады;
«B» функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жанама әсер ететін және ықпал ететін сипаттағы қызметшілер жатады.