Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 1/173 Қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 1/191 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 18 және 27-баптарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 864 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі: