«Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 21 желтоқсандағы № 1096 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 818 Қаулысымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Қазақстан қор биржасы» (келісу бойынша) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы» (келісу бойынша) акционерлік қоғамдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей, өздерінің интернет-ресурстарында осы қаулының 1-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар туралы ақпаратты орналастырып тұрсын. Осы қаулыға қосымшаның 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған өлшемшарт бойынша ақпарат бағалы қағаздар эмитентінен алынған деректер негізінде жарияланады.»;
көрсетілген қаулымен айқындалған биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздардың (инвестициялық пай қорларының пайларын және борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) сауда-саттығын жүзеге асырған кезде мынадай өлшемшарттар қатар сақталады: