«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 439 Қаулысы
Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 121 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағынысты мекемелері бар:
1) «Жатақхана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
15-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;
15-тармақтың 19) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: