Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 11 ақпандағы
№ ҚР ДСМ -13 бұйрығына
5-қосымша
«Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалар
(2023.22.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.05.04. № 60 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және химия өнеркәсіп объектілеріндегі өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, пайдалануға беруге, күтіп-ұстауға және пайдалануға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға, адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ауамен себезгілеу - үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;
2) атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануы (бұдан әрі - РЕШШ) - қазіргі немесе болашақ ұрпақтың барлық өмірі кезеңінде тікелей немесе жанама қолайсыз әсер ететін, адамның көңіл-күйін нашарлатпай, жұмыс істеу қабілетін және өмір сүрудің санитариялық - тұрмыстық жағдайын төмендетпейтін концентрация;
3) аэроклиматтық жағдайлар - тропосфера мен стратосфераның төменгі қабатында айқындалатын климаттық жағдайлар;