Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы
келісім
(Астана қ., 2009 жылғы 6 қазанда)
Осы редакция 2014 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 2010 жылғы 15 шілдедегі № 331-ІV Заңымен ратификацияланды
2010 жылғы 24 тамызда күшіне енді
Бұдан әрі Қазақстан тарапы мен Француз тарапы және бірлесіп Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі,
2008 жылғы 11 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты басшылыққа ала отырып,
2008 жылғы 8 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді негізге ала отырып,
1972 жылғы 29 наурызда қол қойылған Ғарыш объектілерімен келтірген зиян үшін халықаралық жауапкершілік туралы конвенцияны және 1975 жылғы 14 қаңтарда қол қойылған Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын объектілерді тіркеу туралы конвенцияны назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы ғарыш саласында, атап айтқанда Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш аппараттарын әзірлеу және құру саласында ынтымақтастықты нығайтуға тілек білдіре отырып,
Тараптар мемлекеттерінің технологияларын қорғауды және ұлттық қауіпсіздігін қорғауды, сондай-ақ жоғары шешімді ғарыш аппаратымен Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін құру және ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін салу жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде Тараптар мүдделерін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Мақсаты