Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 11 ақпандағы № 34 Қаулысымен күші жойылды
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015.28.12. № 440 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 шілдедегі
№ 202 қаулысына 10-қосымша
«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
(2018.06.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен облыстық маңызы бар қалаларының білім беру, отбасы және балалар саласындағы функцияларын жүзеге асыратын атқарушы органдарымен (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініші қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі -портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018.06.06. № 163 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;