«Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 225 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмінде (бұдан әрі - Алгоритм):
3-тармақ мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) қатысудың электрондық табелі - мектепке дейінгі ұйымға баруы және бармауы, бармау себептері, растайтын құжаттар, төлеуге есептелген сомалар туралы деректерді, келісу және бекіту процесі туралы мәліметтерді, сондай-ақ ваучер ұстаушылардың қатысуын есепке алуға байланысты өзге де ақпарат пен құжаттарды жинақтайтын және сақтайтын ақпараттандыру объектісінің модулінде ваучер ұстаушының МДҰ-ға күнделікті келуін көрсететін цифрлық құжат;»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Ваучерлерді астанада, республикалық маңызы бар немесе облыстық маңызы бар қалаларда бөлу кезінде итерация бүкіл қала бойынша жүреді.