Павлодар облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 258/5 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.24.10. № 322/5 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды; Павлодар облыстық әкімдігінің 2019.04.04. № 84/2 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 мамырдағы
№ 138/5 қаулысымен
бекітілді
«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.04.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1.«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар облысы қалалары мен аудандарының дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1-кезең: мемлекеттік қызметті көрсету бойынша оң нәтижесі не Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2-кезең: тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжат болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау