Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт (Лондон, 2015 жылғы 3 қарашада)

Информация о документе
Датавторник, 3 ноября 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 4 апреля 2016
Дата последнего изменениявторник, 3 ноября 2015

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия
Құрама Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы
шарт
(Лондон, 2015 жылғы 3 қарашада)

 

ҚР 2016 жылғы 24 ақпандағы № 460-V Заңымен ратификацияланды

2016 жылғы 4 сәуірде күшіне енді

 

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі (бұдан әрі «Мемлекеттер» деп аталады),

қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету арқылы тергеуде, қылмыстық қудалауда және қылмыстардың жолын кесуде Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға НИЕТ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП,

адам құқықтары мен заң үстемдігін ЛАЙЫҚТЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, сот талқылауын бейтарап соттың қарауы құқығын қоса алғанда, айыпталушы адамның заң негізінде белгіленген әділетті сот талқылауына құқығын көздейтін өзінің құқықтық жүйелеріне сәйкес кепілдіктерді ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,

төмендегілер туралы уағдаласты:

 

 

1-бап

Көмек көлемі

 

1. Мемлекеттер осы Шарттың ережелеріне сәйкес, сондай-ақ өзінің ішкі заңнамасын ескере отырып, қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық істермен байланысты сот және соттан тыс рәсімдер бойынша тергеуде және қылмыстық қудалауда бір-біріне өзара құқықтық көмек көрсету бойынша барлық мүмкін болатын көмегін көрсетуге мідеттенеді.

2. Көмек:

а) адамдардан айғақтарды немесе арыздарды алуды;

b) банк жазбаларын қоса алғанда, айғақтық маңызы бар құжаттарды, материалдарды және заттарды беруді;

с) құжаттарды тапсыруды;

d) тінтуді және алып қоюды;

е) қылмыстық жолмен алынған кірістер мен құралдарды шектеуді және тәркілеуді, оның ішінде қылмыстық істермен байланысты деп болжамданған мүлікпен мәміле жасауға шектеу қоюды немесе активтерді оқшаулауды;

f) адамдардың тұрған жерін табуды және сәйкестендіруді;

g) адамдардың өздері келуіне көмек көрсетуді;

h) қамауда отырған адамдарды куәгерлер ретінде келу үшін уақытша беруді жүзеге асыруды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами