Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 309 «Қазақстан Республикасының түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 309 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 мамырда № 32404 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және халықаралық импорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Түпкілікті пайдаланушысының сертификаты және халықаралық импорттық сертификат сыртқы сауда шартына (келісімшартқа) енгізілген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың саны мен номенклатурасына қарамастан бір мәмілеге ресімделеді.