Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім (Жоба) (2025 жыл 16 маусым)

Информация о документе
Датапонедельник, 16 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 16 июня 2025

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 16 маусымдағы

№ 445 қаулысымен

мақұлданған

 

Жоба

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы

 келісім

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі;

достық қарым-қатынасты дамытуға және тереңдетуге, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми және басқа да қатынастарды нығайтуға ықпал ету ниетін басшылыққа ала отырып;

екі мемлекет азаматтарының сапарлары үшін құқықтық негіз орнату мақсатында;

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

1. Қазақстан Республикасының жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттарының иелері мен Гренада жарамды дипломатиялық және ресми паспорттарының иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына бірінші келген күннен бастап әрбір 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде 30 (отыз) күнге дейін визасыз келе алады, одан кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады.

2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында 30 (отыз) күннен асатын мерзімге қалуға ниет білдірсе, онда мұндай жағдайда олар екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуге дейін тиісті виза алуға міндетті.

 

 

2-бап

 

Тараптар шетел азаматтарының өз мемлекеттерiнiң аумақтарына келуі, болуы және кетуi тәртібінің өзгеруi туралы дипломатиялық арналар арқылы бiрін-бiрi мүмкiндiгiнше қысқа мерзімде хабардар етедi.

 

 

3-бап

 

Бір Тарап мемлекетінің жарамды дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттары бар азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкерлері ретінде қызметтік іссапарда болған жағдайда, сондай-ақ жарамды дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттары бар олардың отбасы мүшелері Тараптар мемлекеттерінің аумағына өздері аккредиттелген мерзімге визасыз келе алады, онда бола алады және кете алады.

 

 

4-бап

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами