Осы редакция 2016 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015.13.10. № 290/10 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 мамырдағы
№ 138/5 қаулысымен
бекітілді
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.09.02. № 34/2 Қаулысымен атауында және бүкіл мәтіні бойынша «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» сөздері «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» сөздерімен ауыстырылсын, «халыққа қызмет көрсету орталығымен» сөздері «мемлекеттік корпорациямен» сөздерімен, «Павлодар облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.09.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы болып табылады (бұдан әрі - аккредиттеу туралы куәлік).
Порталда - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушіден алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабарлама.