ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.16.02. № 35 бұйрығымен 5-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 158 бұйрыққа 5-қосымша
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 133 бабының 3 тармағы және 137-бабының 1-тармағы мен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және оларды асырап-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшерінің тәртібін айқындайды.
2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымындағы, медициналық немесе өзге де ұйымдағы балаларға белгіленеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі