«Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 313, «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/496 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 312 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012 жылғы 24 мамырдағы № 18-03/269 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 174 Бірлескен бұйрығы
(2015.10.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына және 15-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бірлескен бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.09.07. № 15-04/634 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.10.08. № 601 бірлескен бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)