«Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №60/521-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 20/178-VII шешiмi
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шымкент қаласының абаттандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экология кодексіне (бұдан әрі - Экология кодексі), Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.»;
3-тармақта:
5), 7), 10), 15) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын: