Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 «Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 30/347 шешімі
Осы редакция 2020 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №10-15-117 ұсынысының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. «Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3190 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында: