Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының Аппараты
мен
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі арасында түсіністік туралы
меморандум
Бірлесіп «Тараптар», ал бөлек «Тарап» деп аталатын бір тараптан Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты (бұдан әрі - Аппарат) атынан Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 09-03/1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты туралы ереженің негізінде Аппарат Басшысы Зере Орынтайқызы Утебаева және екінші тараптан 2007 жылғы 10 қазандағы «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің Конференция шешімімен бекітілген Жарғыға сәйкес әрекет ететін «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі - Клуб) атынан осы Клубтың Президенті Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай,
өзара құрмет пен сенім қағидаттарына сүйене отырып,
құқықтық мәдениет пен бұқаралық ақпарат салаларындағы ынтымақтастыққа ниетті екенін растай отырып,
азаматтардың конституциялық бақылау және конституциялық бірегейлік, қоғамда заң мен тәртіп мәдениетін ілгерілетудегі Конституцияның рөлі туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтудың маңыздылығын мойындай отырып,
мыналар туралы келісім жасасты:
1-бап