«Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бірлескен бұйрық
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 27 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуден босату айқындалған жағдайда бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттар бойынша цифрлық жүйені қолдана отырып бақылау және қадағалау субъектілерінің ветеринария саласындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.