«Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 194/24-VIII шешімі
Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1357-01 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
13-тармақтың 18) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«18) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар (алуға құқығы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда оқитын балаларды қоса алғанда, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады).»;
14-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«4 ақпан (Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні) - мүгедектігі анықталмаған қатерлі ісігі бар балалар бар аурулары;»;
43-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: