Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 «2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 197 шешімі
Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 «2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5547950,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4282991,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 7941,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 1257018,7 мың теңге;
2) шығындар - 6283319,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттер - -67676,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 7384,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 75060,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -667692,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 667692,7 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 7384,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 75060,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 735368,7 мың теңге.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ бюджеттеріне 2024 жылға аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 1303636,5 мың теңге сомасында 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;