Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы
Астана қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 510-2360 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - құрылыс салушы) мүддесінде қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес «Көшелер» объектісін төсеу және пайдалану үшін Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Төле би, Е67, Е69 (жобалық атаулары) көшелері квадраты мекенжайында орналасқан учаске 4 - 0,5422 га жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.