«Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 14 шілдедегі № 86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 149 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 14 шілдедегі № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20972 тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 16 шілдеде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: