Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/4 «Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8С-6/7 шешімі
Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешімімен күші жойылды
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8129 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.