«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 375 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 180 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 375 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 17075 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауына мониторинг нәтижелері бойынша келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының бұзылуын анықтау жер қойнауын пайдаланушыға анықталған бұзушылықты жою туралы хабарламаны жіберу үшін негіздеме болып табылады.