«Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 102 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 мамырдағы № 225 бұйрығымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 61-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №19591 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде 2019 жылғы 19 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: