Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарының қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 114 Қаулысы
(2020.17.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы үшінші бөлігінің 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарының дизайнын айқындау және айналысқа шығару туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 63 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 1997 жылғы үлгідегі номиналдары 1 (бір), 5 (бес), 10 (он), 20 (жиырма) және 50 (елу) теңгелік, 2000 жылғы үлгідегі 100 (бір жүз) теңгелік және 2004 жылғы үлгідегі 2 (екі) теңгелік айналыстағы монеталарының (бұдан әрі - ескі үлгідегі айналыстағы монеталар) және Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 2019 жылғы үлгідегі номиналдары 1 (бір), 2 (екі), 5 (бес), 10 (он), 20 (жиырма), 50 (елу) және 100 (бір жүз) теңгелік айналыстағы монеталарының (бұдан әрі - жаңа үлгідегі айналыстағы монеталар) қатар айналыста болу кезеңі жаңа үлгідегі айналыстағы монеталар айналысқа шыққан күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды айналыстан алу туралы шешім қабылдағанға дейін белгіленсін.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.17.08. № 97 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ескі үлгідегі айналыстағы монеталардың және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталардың қатар айналыста болу кезеңінде: