ҚР СТ 3952-2023
Өрт сөндіру техникасы
Өрт кезінде түтінді үй-жайлардан құтқару кезінде 1,5-тен 7 жасқа
дейінгі балаларды уытты жанған өнімдерден қорғауға
арналған сүзгіш өзін-өзі құтқарғыштар
Жалпы техникалық талаптар және сынақ әдістері
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеліп басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт өрт кезінде түтінді үй-жайлардан құтқару кезінде 1,5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды жанған уытты өнімдерден қорғауға арналған сүзгіш өзін-өзі құтқарғыштарға (бұдан әрі - өзін-өзі құтқарғыштар) қолданылады.
Осы стандарт өзін-өзі құтқарғыштарға арналған жалпы техникалық талаптар мен сынау әдістерін белгілейді.
Осы стандарт химиялық, радиоактивті және биологиялық ластану аймақтарында 1,5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қорғауға арналған сүзгіш балалар өзін-өзі құтқарғыштарына қолданылмайды.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік стандарттау жөніндегі құжаттар қажет:
ҚР СТ 1014-2000 Өнімді сәйкестендіру. Жалпы ережелер.
ГОСТ 3118-77 Реактивтер. Тұз қышқылы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 28865-90 Қыз балалар киіміне арналған манекендер. Негізгі параметрлер мен өлшемдер.
ГОСТ 2.610-2006 Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Пайдалану құжаттарын орындау ережелері.
ГОСТ 12.1.007-76 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Зиянды заттар. Жіктеу және жалпы қауіпсіздік талаптары.
ГОСТ 12.4.158-90 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Сүзгіш тыныс алу ағзаларын жеке қорғау құралдары. Бу тәрізді зиянды қоспалар бойынша сүзгіш-сіңіргіш қораптардың қорғаныс әрекетінің уақытын анықтау әдістері.