Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы «Қазақстан Республикасындағы 2024 – 2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)»жобасын іске асыру мақсатындағы келісім (Астана қ., 2024 жыл 5 желтоқсан)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 5 декабря 2024
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 5 декабря 2024

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы «Қазақстан Республикасындағы 2024 - 2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)» жобасын іске асыру мақсатындағы

келісім

(Астана қ., 2024 жыл 5 желтоқсан)

 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 1012 Қаулысымен мақұлданды

 

Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (бұдан әрі - ЮНИСЕФ), 1994 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры арасындағы Ынтымақтастық туралы негізгі келісімнің, сондай-ақ 2022 жылғы 10 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Балалар қоры елдік өкілдігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде, «2023 - 2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу - 7 (МИКС)»жобасын (бұдан әрі - жоба) іске асыру мақсатында,

Қазақстан тарапынан жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) болып табылатынын назарға ала отырып,

Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны іске асыру үшін ЮНИСЕФ-ке республикалық бюджеттен бірлескен қаржыландыру негізінде бюджет қаражатын ұсынуға өзінің дайын екені туралы ЮНИСЕФ-ті хабардар еткенін назарға ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының 2024 жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шеңберінде ЮНИСЕФ-ке 498276 (төрт жүз тоқсан сегіз мың екі жүз жетпіс алты) АҚШ доллары мөлшерінде салым (бұдан әрі - салым) беруге міндеттенеді. Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу бюджетінің есеп-қисабы осы Келісімге 1-қосымшада ұсынылған.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!