Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 337 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 10 шешімі
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 шешімімен күші жойылды
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 337 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9399 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін:
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні - 15 ақпан;
2) Жеңіс күні - 9 мамыр мереке күні болып табылады.»;
7-тармақ мына мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: